Жаңалықтар

МАҢЫЗДЫ ЖАҢАЛЫҚ: Interlight Central Asia және Security&Building Central Asia көрмелерінің күндері ауыстырылды

Жаңа форматтағы халықаралық көрме жобасын кең көлемде дайындау аясында ұйымдастырушылар Interlight Central Asia және Security&Building Central Asia көрмелерінің өткізу күндерін ауыстыру туралы шешім қабылдады.

Бұрын көрмелер 2025 жылғы 17–19 қыркүйекте Астанада өткізілуі жоспарланған еді. Халықаралық серіктестердің ұсынысы бойынша және іс-шараны барынша тиімді өткізу мақсатында көрмелер 2026 жылғы 9–11 қыркүйекке ауыстырылды және жаңартылған, анағұрлым ауқымды форматта өтеді.

Interlight Central Asia дәстүрлі түрде электротехника, сәндік және техникалық жарықтандыру саласының мамандарын, сәулетшілерді, дизайнерлерді, девелоперлерді және инвесторларды біріктіреді. Көрме тек экспозициясымен ғана емес, сонымен қатар дизайн және смарт-технология күндері, B2B-кездесулер, шеберлік сабақтары қамтылған іскерлік бағдарламасымен де танымал.

Security&Building Central Asia жетекші өндірушілер мен жеткізушілерді қауіпсіздік жүйелері, ғимараттарды автоматтандыру, «ақылды үйлер» мен «ақылды қалаларға» арналған Smart-шешімдер саласында ұсынады. Мұнда ғимараттарды басқару, бейнебақылау және инженерлік жүйелердегі инновациялар көрсетіледі.

«Біз жаңа деңгейге шығамыз. Көрмелерді кейінге шегеру бізге халықаралық ауқымдағы мықты жобаны ұсынуға және Қазақстан үшін жаңа мүмкіндіктер ашуға мүмкіндік береді», – деді BMCA Kazakhstan директоры Ануар Малик.

Көрмелерді ребрендингтеу мен кейінге шегеру Қазақстанға жарық, технология және қауіпсіздік саласында Орталық Азиядағы жетекші алаң мәртебесін нығайтуға жол ашады. Алдағы жобалар кәсіби қауымдастықтың дамуына маңызды қадам болып, қатысушылар мен серіктестер үшін жаңа мүмкіндіктер әкеледі
2025-08-26 09:22